Жаңалықтар

Еліміздегі кей банктердің қосымшасы қауіпті екені анықталды

сурет: istockphoto.com

Агенттік қаржы ұйымдарынан мәселені реттеуді талап етті.

Мобильді қосымша арқылы төлем жасау кең таралып келеді, алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) қауіп барын ескертеді.

Агенттік 5 банктің қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін анықтаған. Атап айтқанда, Halyk, ВТБ, Bereke, RBK және "Нұрбанк". Агенттік қаржы ұйымдарынан мәселені реттеуді талап етті.

Сондай-ақ, банк қылмыстық кірістерді заңдастыруға және жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Қаржылық мониторинг ережелерін бұзғандықтан, ведомство RBK-дан 2,3 млн теңге өндіріп алды. Аталған банк есепті уақтылы ұсынбаған.