Атырауда 7 жастағы баланың үстіне ескерткіш құлап кетті
Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.
2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап, бала ауруханада көз жұмған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Atyrau online телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.
2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.