Жаңалықтар

Ертең Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді

Фото: Жоғарғы Сот

Сот отырысын тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлады turkystan.kz Жоғарға соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.