Қоғам

«Есіңде сақта!»: Әйгерім Қалаубаева қызына өмірлік кеңес берді

Фото: aikerim_kalaubaeva_official

Әнші қызына арнап әсерлі жазба жариялады.

Эстрада жұлдызы Әйгерім Қалаубаева қызының алдағы өміріне қажет болатын ақыл-кеңеспен бөлісті, деп жазды turkystan.kz.

«Есіңде сақта, қызым! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады! Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады! “Сәлеметсіз бе!”, “Кешіріңіз!”, “Рахмет!”, “Сау болыңыз!”, “Ин ша Алла?￰”, “Алла қаласа?￰”, “Салем айтыңыз!”, “Рұқсат па?” секілді тағы да басқа сөздерді күнделікті өмірде орнымен қолдана біл! Амандаса білу, əсірелеп сөйлемеу, кешірімді жəне сыпайы болу қыздың бар болмысы болуы керек!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.