Қоғам

«Ренжімейтін болдым»: Жазира Байырбекова отбасыдағы ер адамның қадірі жайлы жазды

Фото: massaget.kz

Әнші жұбайы киімін қай жерге шешіп кетсе де қабақ шытпайтынын айтты.

Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде ер азаматына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің носкиін тауып алады. Отыра қалып (иісіне де,кіріне де қарамай) иіскеп,аңсап жылайды. Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды.Содан бері күйеуім носкиді қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым», - деп жазды әнші.