Спорт

Еркін күрестен Азия чемпионаты: 3 балуанымыз жүлдегер атанды

Olympic.kz

Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштікке енді.

Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия біріншілігі жалғасуда.

Еркін күрес шеберлерінің еншісінде әзірге үш қола медаль бар. Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштікке енді. 

Балуандарды Азия чемпионатына аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарды. 

Айта кетелік, грек-рим күресінің шеберлері Азия біріншілігін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады.