T-LIFE

Аяққа массаж жасайтын кроссовкалар шығарылмақ

сурет: istockphoto.com

Компания аяқ киім желаяқтарға ғана емес, жұмыста ұзақ уақыт аяғына тік тұрып жұмыс істейтіндерге де пайдалы болатынын айтты.

Nike және Hyperice компаниялары спортшылардың тез арада демалып, қалпына келуіне жағдай жасайтын аяқ киім мен кеудешені таныстырды. Ресми хабарламаға сүйенсек, бұл өнімдер өздігінен массаж жасайды.

Массаж ауа көпіршіктері мен ұлтарақтағы батареядан қуат алатын қыздыру элементтері арқылы жасалады. Аяқ киім 4 батырма арқылы басқарылады.

Nike аяқ киім жүгірушілерге ғана емес, жұмыста ұзақ уақыт аяғына тік тұрып жұмыс істейтіндерге де пайдалы болатынын айтты.