Спорт

Лука Модрич – Еуропа чемпионатында гол салған тарихтағы ең егде футболшы

UEFA via Getty Images

Лука Модрич 2012 жылдан бастап мадридтік "Реал" клубында доп тебеді.

Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Лука Модрич Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz УЕФА ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.

25 маусымға қараған түні хорваттар Еуропа чемпионатының үшінші турында Италия құрамасына қарсы ойнады. Кездесудің 55-минутында Лука Модрич сол соғып, есеп ашты. Сөйтіп, ол Еуропа чемпионаты тарихындағы ең егде жастағы (38 жас, 289 күн) гол авторы атанды.

Бұған дейін аталған рекорд 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатында гол салған Ивица Вастичке тиесілі болған (38 жас, 257).

Сонымен қатар, Лука Модрич Хорватия – Италия ойынының үздік ойыншысы атанды.