Жаңалықтар

Алматыда 65 қазақстандыққа айыппұл салынды

Алматы қаласы ПД

Жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғандар жазаланды.

 Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметінің мәліметінше, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 65 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде, - деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтаған. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, Полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.