T-LIFE

Ресейде Apple компаниясының өнімдерін сатуға тыйым салынуы мүмкін

сурет: istockphoto.com

Жаңа заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Ресейде Apple компаниясының өнімдерін сатуға тыйым салынуы мүмкін.

Ресей мемлекеттік Думасына RuStore қолжетімсіз гаджеттерді сатуға толық тыйым салу туралы заң жобасы енгізілді.

Осылайша, iPhone, iPad және басқа да Apple құрылғыларын сатуға тыйым салуы мүмкін. 

Дума депутаты Антон Горелкин жаңа заң жобасы ЕО-да 2022 жылы күшіне енген Еуропаның "Цифрлық нарықтар туралы" Заңның аналогы екенін айтып өтті. Оған сәйкес, Apple балама қолданбалар дүкендерінен (App Store дүкенінен емес) қосымшаларды жүктеуге рұқсат беруі керек. 

Антон Горелкиннің айтуынша, жаңа заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енуі керек.