+46 градус: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады
Дәрігерлер қатты ыстық, әсіресе созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастарға өте қолайсыз екенін ескертті.
Еліміздің шығысында соңғы үш тәулікте орташа ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілді. Оңтүстік аудандарда +47 градусқа жеткен.
«25-26 маусым күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр, кейбір жекелеген аймақтарында қатты жауын болатынына қарамастан, 27 маусымда еліміздің солтүстік аймағына аптап ыстық келеді. Термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде +35,+38 градусты көрсетсе, оңтүстік аймақтарда +40+46 градусқа дейін күн ысиды»,- делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.Дәрігерлер қатты ыстық, әсіресе созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастарға өте қолайсыз екенін ескертті.