Спорт

Максим Самородов Аустрия клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

fc-aktobe.kz

Оған дейін "Ақтөбе" сапында өнер көрсеткен Рамазан Оразов Данияның "Силькеборг" командасына ауысқан болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Максим Самородов Аустрия чемпионатында ойнауы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz Kazakh_football_inside Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Аустриялық «Штурм» клубының өкілдері Максим Самородовпен келіссөз жүргізіп жатыр. «Штурм» клубы – Аустрия чемпионы. 2024/25 маусымында Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің қатысушысы.