Оңтүстіккореялықтар жаңа көшбасшыларын 9 мамырда сайлайды

Оңтүстіккореялықтар жаңа көшбасшыларын 9 мамырда сайлайды

Оңтүстіккореялықтар жаңа көшбасшыларын 9 мамырда сайлайды
ашық дереккөзі
Оңтүстіккореялықтар елдің жаңа басшысын 9 мамырда сайлайды. Бұл туралы  Kyodo агенттігіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады. Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрі Хон Юн Сик Оңтүстік Корея Үкіметі кезектен тыс президент сайлауын 9 мамыр күні өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президент  Пак Кын Хені қызметінен босатуды қолдап, дауыс берген болатын. Араға 10 күн салып, осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Конституциялық сот импичментті құптады. Оңтүстік Корея басшысының айналасындағы дау-жанжал оның мемлекеттік қызметке қатысы жоқ құрбысы Чхве Сун Сильмен байланысты. Бұл оның мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндігін білдіреді. Бұдан басқа, Чхве ірі оңтүстіккореялық корпорациялардан қаржы алып, өзінің коммерциялық емес қорларына аударды деген күдікке ілінген. Прокуратура президенттің бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар деп есептейді.