Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында 2 зауыт ашылады

istockphoto.com

Өңірде қуаттылығы 4,8 мың тонна СК "Протеин" және қуаттылығы 2 мың тонналық "Бату Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылады.

2023 жылдан бастап Инвестициялық субсидиялау ережесінде жүн және тері өндіру мен өңдеу жобасын іске асыру құнының 25 пайызын өтеу көзделген. бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдемесінде айтты.

"Тері өңдеу бойынша Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жалпы қуаты 6,8 мың тонна азықтық қоспаларды өндіретін 2 жоба іске асырылды. Бұл қуаттылығы 4,8 мың тонна  СК "Протеин" және қуаттылығы 2 мың тонналық "Бату Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі уақытта Алматы қаласында қуаты жылына 7 мың тонна болатын желатин өндіретін "Iskefe Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасы пысықталуда", — деді министр.

Жүн өңдеу үлесінің төмендігі мәселесінің шешімі — қылшықты және жартылай қылшықты жүнді өңдеуге маманданған кәсіпорындар құру. Мұндай кәсіпорын — Ақтөбе облысында салынып жатқан "KAZFELTEC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыты, ол жылу оқшаулағыш материалдарды дайындау үшін қылшықты жүнді пайдаланатын болады. Кәсіпорынның қуаттылығы - жылына 2,1 мың тонна жүн өңдеу.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары жүнді жылыжайлар үшін гидропоника ретінде пайдалану тиімділігін зерттеуді аяқтауда. Оң нәтижелер алынды, олар жыл соңына қарай ауқымды өндіріске берілетін болады, делінген министр баяндамасында.

Жалпы, Ауыл шаруашылығы өнімдерін  қайта өңдеуді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде 5 жыл ішінде 372 млрд.теңгеден астам, оның ішінде инвестициялық мақсаттарға 150 млрд теңге және айналым мақсаттарына – 222 млрд теңге бағыттау жоспарланып жатыр.