БҚО-да полиция қызметкері өз-өзін атып жіберген
Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды.
БҚО полиция департаментінің ғимаратында оқ жарақатын алды.
Батыс Қазақстанда табельдік қарудан оқ жарақатын алған полицей реанимацияға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін абайсызда атып жіберген. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды.
БҚО ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді:
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері реанимацияда. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген ақпаратта.