T-LIFE

Мына тағамдар қатерлі ісікке шалдығу қаупін арттырады – онкологтар дабыл қақты

pixabay.com

Жиі жесе қатерлі ісікке шалдығуға алып келетін өнімдер бар.

Белгілі хирург, онколог, маммолог, ультрадыбыс диагностикасының дәрігері Алевтина Киселева қатерлі ісікке шалдығу қаупін арттыратын тағам түрлдерін атады, деп хабарлайды turkystan.kz aif.ru-ға сілтеме жасап.

«Ондай тағамдарға ең алдымен, жоғары деңгейде өңделген тағамдар, соның ішінде колбаса, сосиска, бекон, стейктер мен консервілер жатады — олардың құрамында асқазан, ішектер және сүт безі қатерлі ісігін үдете түсетін трансмаймлар бар. Картоп немесе кез келген фастфудтің құрамында да трансмай өте көп. Оларды көп жеу семіздікке, жүрек-қан тамырлары ауруына және қатерлі ісікке шалдығуға алып келеді», – дейді маман.