Помпейде вандализм жасаған қазақстандық турист ұсталды
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сенбіде Қазақстаннан барған туристі ұстады
Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына "ALI" деген сөзді жазған қазақстандық турист ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сенбіде Қазақстаннан барған туристі ұстады.
Ол сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы керек. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.