Қоғам

Павлодарда екі жігіт суға батып кетті

ТЖМ

Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған

Сүңгуірлер олардың бірінің мүрдесін судан алып шықты. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлады turkystan.kz.

Павлодар облысында соңғы үш күнде өзен-көлдерде шомылып жүрген 32 және 38 жастағы екі ер адам суға кетті. Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

«Қайғылы оқиғаның бірі 21 маусым күні Железин ауданы Башмачное ауылы маңындағы Ертіс өзенінде, екіншісі 22 маусым күні Қ.Сәтбаев атындағы каналда, Шідерті кентіне жақын жерде болған. Каналға батып кеткен азаматтың мүрдесі табылды, екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.