Қоғам

Mega Silk Way сауда орталығы өртенген жоқ – әкімдік

MEGA Silk Way/Facebook

Орталық қонақтары мен қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ

Есіл ауданының әкімдігі Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт туралы ақпарат жалған екенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шыққан жоқ.

«Электр қуатының үзілуіне байланысты дизельді генераторлар іске қосылды және олардың жұмысынан түтін шықты», - дейді әкімдіктен. 

Орталық қонақтары мен қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ.