ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі 22 маусымда Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Белгілі болғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 22:10-да болған.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырымда орналасқан», - делінген хабарламада.
Осы орайда сейсмологтар Қазақстан аумағында табиғи апаттың сезілмегенін алға тартты.