Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды
Полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады
Астанада күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген айыппен ұсталды. Бала қылқынудан жан тапсырған, деп жазады turkystan.kz Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
38 жастағы бала күтушінің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған.
«Дереккөздің мәліметінше, бала күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында», — делінген Egov.press Telegram-арнасындағы жазбада.
Полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.