«Нархоз» университетіне Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады
2016 жылы университеттен Рысқұловтың аты алынып тасталған болатын
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың депутаттарға берген жауабында жазылған, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Нархоз» университеті жекеменшік жоғары оқу орны екенін ескере отырып, Т.Рысқұловтың есімін университетке қайта беру мүмкіндігін қарастыру мәселесін Ғылым және жоғарғы білім министрлігі пысықтауда. Өз кезегінде қорытындысы бойынша министрлік депутаттық корпусқа қосымша хабарлайтын болады, - делінген жауапта.
2000 жылы Үкіметтің қаулысымен Нархоз университеті Тұрар Рысқұловтың есімімен аталған. Көп өтпей оқу ғимараты алдынан қайраткердің ескерткіші бой көтерді. 2016 жылы Рысқұловтың аты алынып тасталған.