Жаңалықтар

Алматыда сел жүруі мүмкін

istockphoto.com

Синоптиктердің болжауынша, 22 маусымда жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 22-24 маусым аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, 22 маусымда жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.