Қоғам

Семейде селитра сақтайтын үлкен қойма өртенді

ТЖМ

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Семей қаласында шамамен 1000 шаршы метр алаңда қойма жанды. Оның ішінде аммиак селитрасы, консерв содасы сақталған, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай облысының өрт сөндірушілері түні бойы ірі өртпен арпалысып шықты. Қойманың жалпы ауданы — 4500 шаршы метр.  Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жергілікті жерде ТЖМ күш-құралдары 03:29 кезінде жалынды ауыздықтады. 

Таңғы 05:05 шамасында өрт толық сөндірілді.