Қоғам

Смартфон, шпаргалка қолданған 267 талапкер тестілеуден шеттетілді – Ұлттық тестілеу орталығы

freepik.com

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды.

Ұлттық тестілеу орталығы биыл тапсырылған ҰБТ-2024 нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, биыл 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл – 68 балл, ал ең жоғары балл – 138 балл. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

"Ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек, смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.