Жаңалықтар

"Мынау енді не мазақ?": Белгілі журналист Бауыржан Момышұлының сұлбасын қолданған телеарнаға шүйлікті

ult.kz

"Бір кездері өзім қызмет еткен телеарнаның осындай нәрсеге жол бергені өте ұят".

Белгілі журналист, продюсер Асхат Садырбай "Еларна" телеарнасынан таратылатын бағдарламаның тизеріне шүйлікті.

Facebook-тегі жеке парақшасында ол қазақтың атақты әскери қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының батыры  Бауыржан Момышұлының сұлбасы бейнеленген баннердің суретін жариялаған. 

"Атамның басы-ай! Шаншарда осындай әзіл бар еді ғой. Мынау енді не мазақ? Халық батырының портретін ғана емес, тұлғасын, есімін қорлау ғой.  Бір кездері өзім қызмет еткен телеарнаның осындай нәрсеге жол бергені өте ұят.  Телеарнаның рейтингін бұлай көтермейді. Телеарнаны бұлай дамытпайды!", – делінген жазбада.