Жетісу облысында қытайлық парапланер 800 метр биіктіктен құлады
Спортшы парапланды басқара алмай, құлай бастаған.
ТЖМ құтқарушылары парапланер спортынан Қазақстанда өтіп жатқан сайысқа Қытайдан келген спортшыға көмектесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысында парапленерлік спорттан 1972 жылы туған ҚХР азаматы әлем кубогының жарысында 800 метр тау биіктігінен бастаған.
Спортшы парапланды басқара алмай, құлай бастаған. Құлағанға дейін ол қосалқы парашют ашып үлгерді. Қону кезінде парапланер әртүрлі жарақат алды.
Ер адамды Талдықорғандағы ауруханаға жеткізу үшін құтқарушылар оны 1,5 шақырым жерде Қазавиақұтқару тікұшағы қонған жерге дейін жеткізді.