Т.Дүйсенова: 2050 жылы оңтүстіктегі халық саны 5,2 млн адамға жетеді

Т.Дүйсенова: 2050 жылы оңтүстіктегі халық саны 5,2 млн адамға жетеді

Т.Дүйсенова: 2050 жылы оңтүстіктегі халық саны 5,2 млн адамға жетеді
ашық дереккөзі
«Егерде мұндай жағдай одан ары сақтала беретін болса, онда болжамға сәйкес 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға жетеді. Солтүстік өңірлердің халқынан 4 есеге асып түседі, ал солтүстік өңірлердің тұрғындары 1 млн. адамға кемиді», — деді министр. Оның айтуынша, қазірдің өзінде халықтың қоныстануда теңгерімсіздік байқалады. Министр оңтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 12 қарт адамнан келсе, солтүстік өңірде 100 жаңа туған балаға 53 қарт адамнан келетінін айтты. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» жүйеге асырылған жылдардың ішінде оңтүстік өңірлерден Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына 19 мың адам көщіп барған. Оларға бағдарлама аясында 5,4 мың қызметтік пәтерлер мен жатақханаларда бөлмелер салынған. «Бұл саясат одан ары да жалғаса береді. Дегенмен, ендігі уақытта жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында баспана салу қарастырылмайды. Өйткені, «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бірақ, жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы аясында қоныс аударушылардың жалға алатын баспаналарына төлем жасау мүмкіншілігі қарастырылады. Отбасы мүшелерінің санына байланысты әрбір мүшеге 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейін баспана жалдауға субсидия беріледі. Мәселен, бір адам келсе, онда оған қалалық жерде баспана жалдауға 20 АЕК беріледі. Бұл шамамен 45 380 теңге. Егер отбасында 2-ден 4 адамға дейін болса,онда 25 АЕК беріледі. Мұнан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй салу мүмкіншілігі де қарастырылуда», — деді ол.