Айдос Садықовқа жасалған қастандық: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Қазақстанның Бас прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарту туралы ұсыныс жасады.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша а.ж. 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.
20 маусым күні Қазақстанның Бас прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды», - делінген хабарламада.