Алматы мен Астанадан Алакөлге әуе рейстері іске қосылды

21 маусым, 2024 / Анель Жарылғасын
pixabay
Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:

QAZAQ AIR әуе компаниясы 20 маусымнан бастап мына туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы.

Ол үшін жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесі пайдаланылады.

Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:

«Алакөл көлі – жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттының бірі. Біздің әуе компанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Астана Алматы әуе рейсі