Жаңалықтар

Шымкентте дендросаябақ басшысы күдікке ілінді

Facebook/Дәурен Ерғарин

Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.

Шымкентте парк басшысы 14 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталды.

Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.

Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.