Қоғам

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші Меруерт Түсіпбаеваға ақыл айтты (ВИДЕО)

сурет ашық дереккөзден алынды

Көпті көрген продюсер әншіге ақыл айтып, білетін кеңесін бөлісті.

Дастархан басында айтылған әңгімені Меруерт Түсіпбаеваға телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп жазды turkystan.kz.

"Меруертке "өзіңді ешқашан тоқтатып қойма, аз тілеме" деймін. Өйткені "түйе сұрасаң бие береді" деген сөз бар. Адам тілек тілеген кезде "Алла, біліп-білмей істеген күнәларымды кешір" деп бастайды. Одан кейін "келінді адалынан берсін" деп сұрайды.  Сосын Құдай берген құдаң болған соң мыңжылдық құда болуын тіле. Одан соң келінің мен ұлың ешқашан ажырамағанын, отбасың берік болып, үлкен әулетке айналуын тілей бер, жаным", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Сондай-ақ Қайрат Нұратастың анасы Меруерт Түсіпбаеваның жалғыз ұлы Нұрғисаға да кеңесін айтты. 

"Нұрғиса, Алла қаласа, анашың мен сияқты келіннің қолынан шай ішсін. Біз барған кезде осылай ыстық шай беріп тұрсын. Біз де тәтті шайын, көрімдігін беріп кетейік. Анаңның көзінің ағы да, қарасы да, үміті де өзіңсің. Сол анаңның барлық арманы орындалсын, сен анашыңды бақытқа жеткіз. Ол – халықтың адамы. Әрине, жұрттың көз алдында боласың. Сол себепті ешқашан ұятқа қалдырмай, бірінші анаңды ойлашы. Анаңды бақытқа жеткізсең, қалғанының бәрі реттеле береді", - дейді танымал продюсер.