Жаңалықтар

Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Сурет: ТЖМ

Өрт ошағына ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару мекемесінің up-MI877 тікұшағынан су төгетін құрылғымен 16 рет су шашылған.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің иелігіндегі "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағындағы өрт тікұшақ көмегімен сөндірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің және резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Еске салсақ, 19 маусымда резерваттың аумағында 30 гектардан аз бір батпақты учаскеде қамыс өсімдіктері отқа оранған болатын.