Жаһан

Қаза тапқандар бар: Мәскеуде жойқын дауыл болды

сурет: ИЗВЕСТИЯ

Ресми мәліметке сүйенсек, бұл - "Эдгар" дауылы.

Мәскеуде жойқын дауыл болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы туралы РИА Новости елдің Төтенше жағдайлар қызметінде сілтеме жасап хабарлады.

Дауылдан қаза тапқан екінші адам құрылыс алаңында құлап кеткен. Бұған дейін Мәскеудің тағы бір тұрғынына ағаш құлаған болатын. Оны құтқару мүмкін болмады.

Ресми мәліметке сүйенсек, бұл - "Эдгар" дауылы. Жалпы табиғи апаттан 7 адам зардап шеккен.