Жаңалықтар

Атырау облысында итті тірідей өртеп жібергендер ұсталды (ВИДЕО)

Скриншот

Оқиға 19 маусымда сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде болған.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында ер адам итті өртеп жіберген.

Оқиға 19 маусымда сағат 23:30 шамасында болған. Жануарды қатыгездікпен өлтірген деген күдіктілер анықталып, ұсталған. Олар – 2003 және 2007 жылы туған тұрғындар. Видеодағы кадрлардан ер адамдардың бірі иттің үстіне от қойғаны және таяқпен ұрғаны көруге болады.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті өкілдері.