Google-дің нұсқауымен салат әзірлеген жігіт өлім аузынан қалды
3 күннен кейін жігіт газ көпіршіктерін байқап, рецептті интернет арқылы тексерген.
Google нейрожелісінің нұсқауымен салат әзірлеген жігіт өлім аузынан қалды. Бұл туралы ол reddit.com сайтында жариялаған жазбасында айтқан.
Gemini зәйтүн майына сарымсақ қосып, оны 7 күнге қойып қоюды ұсынған. Ал бұл – биотоксин жасау жолы. 3 күннен кейін жігіт газ көпіршіктерін байқап, рецептті интернет арқылы тексерген.
Салатта ботулизм мен өлімге әкелетін аса қауіпті Clostridium botulinum бактериялары пайда болғаны белгілі болды.