Қарағандыда журналист жоғалып кетті
Хабарсыз кеткен Максим Объедков 17 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Вечерний Караганда телеграмм-арнасына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Хабарсыз кеткен Максим Объедков 17 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Ол бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.
«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.