Жаңалықтар

Қазгидромет алдағы күндерде құрғақшылық болатын 5 өңірді атады

istockphoto.com

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК мамандары қауіпті агрометеорологиялық құбылыс туралы дауылды ескерту жайында айтты.

Алдағы 10 күнде бірқатар аймақта атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

Жамбыл облысында: Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;

Түркістан облысында: Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай облыстарында;

Қызылорда облысында: Арал ауданында;

Алматы облысында: Балқаш және Жамбыл облыстарында;

Ұлытау өңірінде: Ұлытау ауданы.