Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды

istockphoto.com

Зардап шеккендердің дене бетінің 5-тен 13%-на дейін күйіп қалған екен. Төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адам күйік шалды Кәсіпорындағы төтенше жағдай 19 маусым күні түстен кейін болған.

Жедел жәрдем станциясына сағат 16:00-де зауыт медбикесі қоңырау шалған.

Зардап шеккендердің дене бетінің 5-тен 13%-на дейін күйіп қалған екен. Төрт адам ауруханаға жатқызылды.

«42 жастағы ер адамның беті мен екі білегі күйіп, облыстық ауруханаға жеткізілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қолдары күйген төрт зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Науқастар денелерінің 5-тен 13 пайызына дейін күйіп қалған, олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

AФЗ мәліметінше, жұмысшылар күлді тиеу кезінде күйіп қалған. Зардап шеккендердің екеуі – мердігер мекеменің қызметкерлері. Зауыт оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатқанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кәсіпорында өрт болмаған. Зауыттың баспасөз қызметі де өрт болмағанын хабарлайды.

Ақтөбе зауыты жылына 700 тоннадан астам ферроқорытпа шығарады. «Қазхром»  компаниясына қарасты металлургиялық кәсіпорында үш жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді.