Жаңалықтар

Қайсарқуыпкел мен Ұлбақыткелсін: Қазақстандағы ең ерекше есімдер анықталды

Сурет: www.istockphoto.com

Ер адамдардың есімдерінің арасында жер-су аттары көбірек кездеседі.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ең ерекше есімдерді атады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

 

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап 2023 жылға дейін туған ерлер мен әйелдердің, ұлдар мен қыздардың ішінде өте сирек кездесетін есімдерге ие болған адамдар бар.

1991 – 2000 жылдары Аққошқар, Қағазбек, Спатақ, Ғашықбол, Талдау, Атбасар, Көмірбек дүниеге келсе, 2000 – 2023 жылдары Құзтас, Қапшағай, Жаңатас, Жаңажыл, Мемлекет, Үкімет, Қайсарқуыпкел, Кінәзбек,  Күш-Жігер, Сұқбат, Кешірім, Толтыр, Ақмешіт, Нұрорда, Ғашық, Отынбек, Тайфун, Әнішер, Сырдария, Аткелтір, Құдірет Күш, Бірік, Тамырбай, Табиғат, Ата-Ман атты жігіттер мен балалар туған екен.

1991-2000 жылға дейінгі дүниеге келгендер ішінде Мастура, Мунай, Десмина, Кідірсін, Қазынасұлтанбегім, Қаймақ, Әрдайым, Бұлдырап деген атқа ие болған әйелдер бар.

2000 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген ерекше есімге ие балалар арасында Қалаған, Ғасырға, Ақбалық, Ақбибіәдемі, Әсмәмиледи, Ақдидарсұлтаным, Іңкәржібегім, Қырғауыл, Іліп, Үкілісағыныш, Іңкәрәмір, Алтынкүміс, Жаратқаным, Қаулә, Мәңгілік, Советкүл, Шалқардария, Өрлеу, Ұлбақыткелсін, Өссін, Өрлесін, Жарқырасын, Қылықтым, Жансалқам есімді қыздар бар.