Әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды
Әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды
Ақтауда сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«10 наурыз күні шамамен 16:00-де Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің санитариялық торап ғимаратында қатардағы жауынгер М.А. Шишімбаевтың мәйіті табылды. Оның басынан АК-74 автоматының оғы тиген» делінген хабарламада.
Сол күні ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы аталған фактіні ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлімі бойынша («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, марқұмға қатысты сот психологиялық-психиатриялық зерттеулер де жүргізу көзделіп отыр.