T-LIFE

Генетика мен кофе тұтыну арасында байланыс бары анықталды – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Шулич Медицина Және Стоматология Мектебі мен Сан-Диегодағы Калифорния Университетінің (UCSD) зерттеушілері геномдық қауымдастық (GWAS) зерттеу жасау үшін генетикалық деректерді, сондай-ақ кофе тұтыну деректерін пайдаланған.

Кофеге әуестік тұқым қуалайды, ген біз ішетін кофенің мөлшеріне әсер етеді. medicalxpress.com ғылыми басылымында жарияланған зерттеу генетика мен кофе тұтыну арасындағы байланыс барын анықтады.

Балалар ата-анасынан мұра етіп алатын кофеман геномын ғалымдар 0,5 миллион адамның деректерін талдау арқылы анықтаған. 

Шулич Медицина Және Стоматология Мектебі мен Сан-Диегодағы Калифорния Университетінің (UCSD) зерттеушілері геномдық қауымдастық (GWAS) зерттеу жасау үшін генетикалық деректерді, сондай-ақ кофе тұтыну деректерін пайдаланған. 

"Біз бұл деректерді біреудің кофені азды-көпті тұтыну ықтималдығына байланысты геномның аймақтарын анықтау үшін пайдаландық, содан кейін кофені тұтынудың негізінде жатқан гендер мен биологияны анықтадық", - деді Хейли Торп, зерттеудің жетекші зерттеушісі және Батыс Университетінің Schulich Medicine & Dentistry докторантурасының ғылыми қызметкері.

Нәтижелерден кофе тұтынудың генетикалық әсері барын көрсетті. Басқаша айтқанда, ата-анадан мұраға қалған гендердің нақты нұсқалары сіздің қанша кофе тұтынатыныңызға әсер етеді.