Полиция көлігі қағып кеткен баланың жағдайы бірқалыпты

Полиция көлігі қағып кеткен баланың жағдайы бірқалыпты

Полиция көлігі қағып кеткен баланың жағдайы бірқалыпты
ашық дереккөзі
Алматы қаласында полиция көлігі қағып кеткен бүлдіршінге операция жасалды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, қазіргі уақытта жіліншігі сынған баланың жағдайы қалыпты. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері көлік қаққан баланың әлі де екі аптадай дәрігерлердің бақылауында болатындығын айтып отыр. «Жарақат алған балаға скелетное вытяжение деген операция жасалды. Бұл кіші операцияға жатады. Кеше түнде және қазіргі уақытта жағдайы жақсарып келе жатыр. Түнді тыныш өткізді. Құсу, бас айналу орын алған жоқ», – дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Исабеков. Ал жол көлік оқиғасына кінәлі екі аға инспектор қызметінен босатылды. Қазір аталмыш оқиғаға байланысты қалалық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәлімдемесіне сүйенсек, полицейлер жауапқа тартылады. «Қайткенде де, автокөліктің тізгінінде болған жүргізуші заң аясында жауапқа тартылатын болады. Қазіргі таңда олар тергеуге байланысты жұмыстан босатылды», – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Рысқұлов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 9 жастағы мектеп оқушысын полиция көлігі қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.