Қоғам

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС-ның басшысы 7,5 млн теңге жымқырды деп айыпталды (ВИДЕО)

www.istockphoto.com

Ол тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап. Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған деген айып тағылды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.