Ресейде оқушы қыз көз жұмды. Тергеу органдары Новосібірдегі медициналық мекемелердің бірінде кәмелетке толмаған қыздың қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады rbc.ru.
Тергеушілер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп жазылған ақпаратта.
«Комсомольская правда» жазғандай, алдын ала нұсқа бойынша, өлімнің себебі улану болған. Анасының айтуынша, қызы «аш қарынға көп кәмпит жеген».