Спорт

Ұлттық құрама шабуылшысы жанкүйерінің қолын сындырып алды

www.istockphoto.com

Футболшы одан кешірім сұрап, оған өзінің қолтаңбасы қойылған футбол жейдесін сыйлайтынын айтты.

Германия құрамасының шабуылшысы Никлас Фюллкруг Еуропа чемпионатының алғашқы ойыны басталмас бұрын жанкүйердің қолын сындырып алған, деп хабарлайды turkystan.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, чемпионаттың ашылу салтанатынан кейін Германия құрамасы Шотландия командасына қарсы ойнаған болатын. Кездесу алдында алаңда жаттығу жасап жүрген неміс шабуылшысының қақпаға қарай тепкен добы қиыс кетіп, ақырында жанкүйердің сол жақ қолына тиген. Жанкүйерді дереу ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер оның қолына гип салды.

Фюллкруг одан кешірім сұрап, оған өзінің қолтаңбасы қойылған футбол жейдесін сыйлайтынын айтты.