ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың анасы үйде болған, бірақ алаңсыз қалғандықтан, баланың терезе алдына шыққанын байқамаған.
«Маскиттік тор баланың салмағын көтере алмаған. Бала ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.