Қоғам

«Ешкімнің тоқалы емеспін»: Дариға Бадықова су жаңа көліктің иегері атанды

коллаж: turkystan.kz

Кейінгі жылдары танымалдылыққа ие болған актриса Дариға Бадықова қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Дариға Бадықова Cadillac маркалы су жаңа көлікке ие болы, деп жазды turkystan.kz.

"Мен өзімде болып жатқан көп нәрсені ешкімге айтпаймын және көрсетпеймін. Ал бұл жолы сатып алған көлігімді адал еңбектің ақысы ғой деген ниетпен көптің назарына шығардым. Енді осы көлікті тозғанша, бұйырғанынша жүргіземін деген шешімге келдім", - деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса өзінің жеке өміріне қатысты күмәнді ой туындамас үшін желі қолданушылары жазған сұрақтарға да жауап бере кеткен.

"Машинамды салып едім, "өзің алмаған шығарсың, біреу сыйлаған шығар" деп жатқандар бар. Бұл шоколад қосылған құлпынай емес қой сыйлай салатын. Байдың әйелі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін. Одан кейін мен біреуден қымбат сыйлық алып көрмеппін. Өзім шот төлеудің потологын қоямын. Ешкімге масыл қыз емеспін, шүкір деп отырмыз. Намысты қолдан бермей отырмыз", - деді актриса.