Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Германия полициясы түсінік берді
Адам денесі табылған аумақта қосымша іздестіру жұмыстары жүргізілмек. Тергеушілер қылмыс мәйіт табылған жерде жасалмаған деп болжап отыр.
Германияның Оңтүстік Гессен полициясының Бас басқармасы Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«16 маусым күні түстен кейін Эрлах көлінің маңында адам денесі табылғаннан кейін прокуратура мен полиция бұл 2024 жылғы 4 маусымда із-түзсіз жоғалған 40 жастағы әйелдің денесі деп болжап отыр», - деп жауап берді Оңтүстік Гессен полициясы Бас басқармасы.
Осы уақытқа дейін жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде әйел зорлық-зомбылық құрбаны болғаны белгілі болды.
Қылмысқа не себеп болғаны белгісіз.
Қосымша тергеу үшін Оңтүстік Гессен полициясының Бас басқармасы «Эрлахе» кісі өлтіру бөлімін құрды. Тергеу амалдарына 35-тен астам шенеунік тартылды.
Адам денесі табылған аумақта қосымша іздестіру жұмыстары жүргізілмек. Тергеушілер қылмыс мәйіт табылған жерде жасалмаған деп болжап отыр.
Тергеушілер кісі өлтіруді тергеумен қатар, із-түзсіз жоғалған Айгүлдің қайын енесін, 49 жастағы әйелді іздеу амалдарын жалғастырып жатыр. Олардың орналасқан жерін анықталып жатыр.
Екі әйелдің жоғалып кетуі мен кісі өлтіру арасындағы байланыстың қаншалықты ықтимал екені әзірге белгісіз және тергеліп жатыр.
«Эрлахе» кісі өлтіру бөлімі халықтан ақпарат алу үшін жеке телефон желісін құрды: 06151/969 53200, азаматтар есімдерін атамай ақпарат беру үшін осы нөмірге хабарласа алады. Қазіргі уақытта тергеушілер 4 маусымнан бері қылмысқа қатысы болуы мүмкін куәгерлерді іздестіріп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, әзірге осы баспасөз хабарламасынан басқа ақпарат беру мүмкін емес. Баспасөзбен жұмыс істеу Дармштадт прокуратурасының құзыретіне жатады», - деп жауап берді Оңтүстік Гессен полициясы.