Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекетке қайтарылды
Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдаған.
– Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекеттің бақылауына қайтарылып жатыр. Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биыл 27 мамырда бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін (67%) жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Шымкент әкімдігі 2017 жылы шаһардағы ең ірі нысанның бірі – “Мұз сарайын” 128 миллион теңгеге сатқан еді. Қаланың баспасөз қызметі сол уақытта нысанды “МұнайҚұрылысСервис” ЖШС компаниясы сатып алғанын мәлімдеді. Артынша бұл компания шымкенттік кәсіпкер Серікжан Сейтжанов тиесілі екені белгілі болды.